Жедел ден қою бөлімі Психологиялық қолдау орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру ұйымдарындағы дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюға және балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі қызмет бағыттары:
Шұғыл ден қою
Дағдарыстық жағдай туындаған кезде психологиялық көмек көрсету үшін білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, 111 байланыс орталығының, ата-аналар мен заңды өкілдердің өтініштері бойынша мамандардың білім беру ұйымдарына жедел баруы.
Дағдарыстық психологиялық көмек
Зорлық-зомбылық, суицидтік мінез-құлық және басқа да төтенше жағдайларды қоса алғанда, дағдарыстық жағдайда қалған балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға және педагогтерге кейінге қалдырылмайтын психологиялық қолдау көрсету.
Жағдайды талдау және бағалау
Дағдарыстық жағдайды жедел талдау, тәуекел факторларын анықтау және қажетті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шараларын айқындау.
Сүйемелдеуді ұйымдастыру
Дағдарыстық жағдай болғаннан кейін балалар мен отбасыларды одан әрі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жоспарын әзірлеу және ұйымдастыру.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
Дағдарыстық жағдайларды реттеу кезінде денсаулық сақтау, ішкі істер, әлеуметтік қорғау органдарымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялармен және басқа да мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимыл жасау.
Қайталама дағдарыстардың алдын алу
Білім беру ұйымында дағдарыстық жағдайлардың қайта туындауының алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізу.
Бөлім жұмысының нәтижелері
Бөлімнің қызметі дағдарыстық жағдайларға уақтылы және кәсіби ден қоюды, олардың балалар мен отбасылар үшін жағымсыз салдарын барынша азайтуды, сондай-ақ күрделі өмірлік жағдайдағы баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Жедел ден қою бөлімі өз қызметін жеделдік, құпиялылық және барлық мүдделі тараптармен кәсіби өзара іс-қимыл қағидаттары негізінде құрады.





