Қарағанды облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
"Өрлеу" БАҰО филиалының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған семинар 08.12.2026

"Өрлеу" БАҰО филиалының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған семинар 08.12.2026

8.06.2026 жылы «Психологиялық қолдау орталығы» КММ базасында НЦПК «Өрлеу» БАОҰ АҚ филиалы – Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институтының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған семинар өткізілді. Семинар барысында балаларға психологиялық қолдау көрсету, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және білім алушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылды. Психологиялық қолдау орталығының басшысы Калмагамбетова А.Х. педагогтарды әрбір балаға мұқият әрі сезімтал қарауға, олардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқауға және білім алушы тұлғасына құрмет пен гуманизм қағидаттарына негізделген өзара әрекеттестікті қалыптастыруға шақырды. Әдістемелік бөлімнің басшысы Едембаева Г.К. статистикалық-талдамалық мәліметтерді ұсынып, қатысушыларды балалар мен жасөспірімдерді психологиялық сүйемелдеу саласындағы өзекті үрдістермен және мәселелермен таныстырды. Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Семинар барысында аутодеструктивті мінез-құлық белгілерін анықтау алгоритмдері ұсынылып, педагогтардың қауіп факторлары анықталған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі түсіндірілді және білім алушыларға дер кезінде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету тетіктері қарастырылды.
Орталықтың әдіскері Илюхина Т.М. балалардың психологиялық мәселелері бойынша жұмыс жүргізіп, қатысушыларды білім алушылардың эмоционалдық және мінез-құлықтық қиындықтарын анықтау, сүйемелдеу және алдын алу бойынша практикалық тәсілдермен таныстырды.
Студент-практиканттар педагогтарға арт-терапия элементтері бар тренингтік сабақтар өткізіп, олардың эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және жеке ресурстарын нығайтуға бағытталған жұмыстар ұйымдастырды.
Семинар конструктивті және кәсіби атмосферада өтіп, тәжірибе алмасуға, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету саласындағы практикалық қызметті жетілдіруге ықпал етті.

WhatsApp Image 2026 06 10 at 16.00.54WhatsApp Image 2026 06 10 at 16.00.57